Ғылыми жетістіктер көрмесі

3Д принтерде басылған пластиктен жасалған аяқ-қолды иммобилизациялауға арналған бұйым

Медициналық бұйым PLA+ затынан 3Д принтерде басылып шығарылған. Электрондық ресурстардағы қолданыстағы модельдерді зерделей отырып, біз травматолог дәрігерлердің ұсынымдары мен тілектерін ескеріп…

«Лактобактерин-ТК» пробиотикалық препаратв негізінде азық қоспаларын әзірлеу

«Лактобактерин-ТК» — бұл мал шаруашылығында антибиотиктердің пайдаланылуын азайтуға мүмкіндік беретін экологиялық таза өнім. Пробиотиктің құрамында ГТО жоқ және жануарлар ағзасы үшін толығымен қауіпсіз, патогендігі жоқ…

Инфекциялық аурулардың алдын алу және жоюға арналған қауіпсіз қосылыстар негізінде заманауи залалсыздандырғыш заттарды дайындау. Жуғыш-залалсыздандырғыш зат. Пайдалы модель №5878

Өнім ақ пен ашық-қоңыр аралығындағы түске ие сұйықтық, кез келген арақатынаста сумен араластырылады және тұнба түзбейді. Құрамында сутегі асқын тотығы және дисстилденген су бар жуу-дезинфекциялау құралы…

Медиакешен

Play List, Gps трекер кіріктірілген инновациялық технологияларын қамтитын, қоғамдық орындарда және көлікте бейнероликтерді көрсетуге арналған дисплейлер өндірісі…

«Антивирустік шырақ» – бактерицидті ауа тазартқыш (Прототип)

Конструкция – отандық ақылды талассо-бактерицидті ауаны залалсыздандырғыш әзірленді. Ауаны зарарсыздандыру әсеріне мөлдір корпустың ішіне кіріктірілген бактерицидті шам мен желдеткіштің арқасында қол жеткізіледі…

Мекен-жайы

Жаңартуларды қадағалаңыз

Карта

дербес деректерді өңдеуге қатысты саясат

Жаңартуларды қадағалаңыз

Мекен-жайы

Карта

3Д принтерде басылған пластиктен жасалған аяқ-қолды иммобилизациялауға арналған бұйым

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Медициналық бұйым PLA+ затынан 3Д принтерде басылып шығарылған. Электрондық ресурстардағы қолданыстағы модельдерді зерделей отырып, біз травматолог дәрігерлердің ұсынымдары мен тілектерін ескеріп, еркін қолжетімділіктен алынған модельді өзгерттіп, пысықтадық. Бұл материалдың балқу температурасы +70-80 граду, бұл жайт термиялық әсер ету арқылы оны өзгертуге мүмкіндік береді, демек емделушінің аяқ-қолына иммобилизация (қимылсыздықты жасау) үшін жекелей келістіруге мүмкіндік береді. Торлы құрылымға ие, бұл тіндердің ісінуі кезінде ауырсынуды азайтады. Кейіннен ісіну азайған кезде, мобилизацияны түзету үшін қайта термиялық әсер ету мүмкіндігі бар. Материал рентген сәулелерін өткізеді, бұл дұрыс орналастырылған иммобилизацияны визуализациялау үшін маңызды

Жоба туралы басқа ақпарат

Сынулар, буын шығулары кезінде аяқ-қолды иммобилизациялау, операциялық араласудан кейін тыныштық жағдайын жасау.

Қазіргі уақытта ҚР-да иммобилизациялау үшін негізінен ауыр келетін, тері тітіркенуін тудырып, рентген сәулелерін өткізбейтін гипс лангеттері пайдаланылады. Осы себепті иммобилизация бұйымдарын дайындау үшін PLA+ материалын пайдалану, әсіресе педиатриялық тәжірибеде, өмір сүру сапасын, емдеу тиімділігін жақсартады.

Клиникалық тәжірибеде, әсіресе педиатрияда композиттік материалдармен иммобилизация ерекшеліктерін зерделеудегі ғылыми маңыздылық. Практика жүзінде иммобилизацияланған аяқ-қолдары бар емделушілердің өмір сүру сапасы жақсарады, ықтимал рентген бақылау мен материалдың икемділігі арқасында сүйектер репарациясы тиімдірек болады.

Травматология және ортопедия.

Дайын бұйым.

Республика тұрғындары.

Клиникалық практикаға енгізілді.

Жеке анықталады, емделушінің өлшемдеріне байланысты. Ұзындығы 30 см-ден артық емес, салмағы 500 гр-нан артық емес.

Изтлеуов Ерболат Маратович.

«Лактобактерин-ТК» пробиотикалық препаратв негізінде азық қоспаларын әзірлеу

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: «Лактобактерин-ТК» — бұл мал шаруашылығында антибиотиктердің пайдаланылуын азайтуға мүмкіндік беретін экологиялық таза өнім. Пробиотиктің құрамында ГТО жоқ және жануарлар ағзасы үшін толығымен қауіпсіз, патогендігі жоқ. Бұған қоса, пробиотикалық қасиеттеріне байланысты, бұл қоспа ішек таяқшасынан, шигелла, клебсиелла және сальмонеллалардан туындаған аурулардың алдын-алу, сондай-ақ оларды емдеу үшін пайдаланылады. «Лактобактерин-ТК» жас ауылшаруашылық жануарлары төлдерінің және құстардың иммундық, гормоналды және ферменттік жүйелерін түзету үшін қолданылады, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етеді, жануарлардың тірілей салмағының өсімін арттырады және азық конверсиясын жақсартады. Сонымен қатар, препарат құрамындағы микроорганизмдер адам ағзасы үшін толығымен қауіпсіз, бұл жайт етті лактобактеринді қолданғаннан кейін бірден пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоба туралы басқа ақпарат

«Лактобактерин-ТК» жаңа буын пробиотигі болып табылады және саны кемінде 3,6 х 109 спор/грамм болған жағдайда Lactobacillus acidophilus В-RKM-0511 штамының бактериялары болып келеді. Lactobacillus acidophilus 0.15к-1 штамы В-RKM-0511 нөмірімен «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» РМК мұражайы Микроорганизмдердің орталық мұражайы коллекциясына сақтауға берілді.

Антибиотиктерді, сульфаниламидтерді және нитрофуран қатары құралдарын қолдануды қоса алғанда, шаруашылықтарда асқазан-ішек ауруларын емдеудің жиі қолданылатын әдістері дәрі-дәрмектердің біржақты әсеріне байланысты әрдайым тиімді бола бермейді, бұл жайт олардың кешенді қолданылуын қажет етеді. Осының салдарынан оларға шартты патогендік микрофлораның бейімделуіне байланысты жеткіліксіз тиімділік жағдаында емдік курстың ұзақтығы мен құны арта түседі. Бүгінгі таңдағы басқа бір маңызды мәселе — бұл антибиотиктер, кокцидиостатиктер және гормондар қалдықтарының, сондай-ақ дезинфекциялық іздердің сақталуына байланысты тұтынушылық қасиеттердің нашарлауы, бұл жайт осындай өнімдерді тұтынатын адамның денсаулығына теріс әсерін тигізеді. Шаруашылықтардағы малдың инфекциялық, жұқпалы емес және инвазиялық этиологиясы ауруларының алдын алу және емдеу үшін «Лактобактерин-ТК2» пробиотигін қолдану және енгізу. Төлді сақтап қалу мал шаруашылығының дамуын арттырудың маңызды бағыты болып табылады. Тыныс алу және асқазан-ішек жолдарының аурулары мал төлінің ең көп таралған ауруларының бірі болып табылады. Жоғарыда айтылғандар мал ауруларының алдын-алу шараларын іздеу, сондай-ақ аурудан таза емес малды сауықтыруды қажет етеді. Осыған байланысты біздің алдымызда бірегей пробиотикалық қасиеттерге ие отандық биопрепараттарды қолдана отырып, жануарлардың асқазан-ішек аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды жақсарту міндеті туындады.

Соңғы жылдары антибиотиктер баламасына айналған ауылшаруашылық жануарларының рационында пробиотикалық әсерін тигізетін препараттарды пайдалану бойынша көптеген зерттеулер пайда болды. Сондықтан жануарлардың рационында жаңа, арзан әрі экологиялық таза және қауіпсіз пробиотикалық азық қоспаларын пайдалануға маңызды рөл беріледі. Пробиотикалық азық қоспалары ішектің микробиоценозына оң әсерін тигізеді, ағзадағы физиологиялық процестерді күшейтеді, зат алмасуды жақсартады, жануарлардың өнімділігін арттырады және өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы азық шығынын азайтады. «Лактобактерин-ТК» жаңа пробиотикалық препараттардың бірі болып табылады, жануарлар организміне әсер етудің кең физиологиялық спектріне ие.

«Лактобактерин-ТК» мал шаруашылығының барлық салаларында қолдануға болады. «Лактобактерин-ТК» сынаушы мамандардың ұсынымы бойынша 2015-2017 жылдары сынақтан өтті, есептер жасалды, «Лактобактерин-ТК» суару арқылы енгізу және біріктірілген түйіршіктелген азыққа тікелей енгізу нормалары әзірленіп, сыналды. Дозировкасы кәсіпорындағы жеке өндірістік жағдайларға сәйкес нақтыланады, сонымен қатар азық антибиотиктеріне балама ретінде ұсынылады. Пробиотикалық азық қоспасының өндірістік сынағы жылдың кез келген мезгілінде жүргізіледі.

Дайын препарат.

Мақсатты тұтынушылар Қазақстанның мал өсірушілері және жақын көршілес мемлекеттер: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей.

Барлық қажетті құжаттар бар: пробиотикалық препараттарды әзірлеу және қолдану бойынша ҚР 3 патентінің болуы, № РК-ВП-4-3461-17 тіркеу куәлігі, авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне ақпарат енгізу туралы куәлік

Бұған дейін біз әзірлеген пробиотиктер Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының шаруашылықтарында, Алматы облысының «Байсерке-Агро» ЖШС, «Қазақстан құстары» ЖШС шаруашылықтарында сынақтан сәтті өтті. Өнім нарықта өткізуге және өндіріске енгізуге толығымен дайын

Ибажанова Асем Сериковна.
Мыктыбаева Рая Жаксыгуловна.
Сарсенова Карлыга Несипбаевна.
жоба жетекшісі: Тореханов Мерей Айбынович.

Инфекциялық аурулардың алдын алу және жоюға арналған қауіпсіз қосылыстар негізінде заманауи залалсыздандырғыш заттарды дайындау. Жуғыш-залалсыздандырғыш зат. Пайдалы модель №5878

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Өнім ақ пен ашық-қоңыр аралығындағы түске ие сұйықтық, кез келген арақатынаста сумен араластырылады және тұнба түзбейді. Құрамында сутегі асқын тотығы және дисстилденген су бар жуу-дезинфекциялау құралы, дезинфекциялық белсенділікті тұрақтандыру және дезинфекцияның тиімділігін арттыру үшін қосымша компоненттер ретінде құрамында додецилдиметилбензиламмоний хлоридін және натрий гидроксидін құрайтынымен өзгешеленеді, бұл ретте компоненттердің арақатынасы төмендегідей, мас, %: — додецилдиметилбензиламмоний хлорид (80%) – 8,0 – 12,0 — гидроксил натрий, 40% — 3,0-7,0 — сутегі асқын тотығы, 40% — 20,0-25,0 — қалғаны су

Жоба туралы басқа ақпарат

Пайдалы модель ветеринария саласына жатады және тиімді залалсыздандыруды, ветеринариялық қадағалау объектілерінде жүргізілетін іс-шаралардың экологиялық тазалығын қамтамасыз ететін қауіпсіз қосылыстар негізінде инфекциялық аурулардың алдын алу және жою үшін пайдаланылуы мүмкін

Сынақ нәтижелері осы препаратты залалсыздандыру тиімділігі бойынша қолданыстағы шетелдік препараттардан кем түспейтінін көрсетеді, бірақ шетелдік препараттармен салыстырғанда оның құрамында адам денсаулығына агрессивті әсер ететін компоненттер, яғни сірке және сүт қышқылдары жоқ. Осылайша, көрсетілген мөлшерік қатынастарда дезинфекциялаушы агенттердің — додецилдиметилбензиламмоний хлоридінің сутегі асқын тотығымен және натрий гидрокисімен үйлесімі жаңа, тұрақтандырылған, тиімді, жабдықтар үшін және қызметкерлер үшін қауіпсіз, кең спектрлі және қолдануға ыңғайлы жуу-дезинфекциялау құралын жасауға мүмкіндік берді.

Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кешендерін, сондай-ақ қайта өңдеу салалары кәсіпорындарының өндірістік үй-жайларын дезинфекциялауды қамтамасыз ететін жаңа, экологиялық қауіпсіз отандық дезинфектанттарды, олардың негізінде тиімділігі жоғары және көп еңбек жұмсалатын технологияларды әзірлеу және енгізу өзекті ғылыми проблема болып табылады. Ветеринариялық дезинфекцияда қауіпсіз қосылыстар негізінде инфекциялық аурулардың алдын алу және жою үшін микробқа қарсы кең спектрге ие экологиялық қауіпсіз композициялық дезинфекциялаушы құрал әзірленіп, енгізілді. Сондай-ақ, әлеуетті тұтынушыларға ветеринарлық қадағалау объектілерінің жоғары санитарлық жағдайын қамтамасыз ететін әзірленген дезинфекция құралдарын қолдана отырып, дезинфекцияның оңтайландырылған технологиялық режимі ұсынылды.

Ветеринария.

Пайдалы модельге патент алынды — №5878. Бірнеше шаруашылықтарға, мал шаруашылығы кешендеріне енгізу актілері бар. Эксперименттік зертханалық үлгілер әзірленді

Ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілері, мал шаруашылығы кешендері, құс фабрикалары, сүт және ет өңдеу кәсіпорындары, мал сою цехтары, Ішкі сауда объектілері.

Техникалық-экономикалық негізделген рецепт, химиялық құрамы бойынша формуласы бар, өнертабысқа патент иеленген.

Өнім нарықта өткізуге және өндіріске енгізуге толығымен дайын.

Көлемі 5 литрлік (5 кг), биіктігі -23 см, ені-17,5 см. Көлемі 1 литрлік (1 кг), биіктігі -21 см, ені-7 см.

Барахов Бақыт Бейсенбайұлы.
Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы.
Нарбаева Динара Дарбекқызы.
Турабеков Манас Рамазанұлы.
жоба жетекшісі: Алиханов Қуантар Дәуленұлы.

Медиакешен

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Play List, Gps трекер кіріктірілген инновациялық технологияларын қамтитын, қоғамдық орындарда және көлікте бейнероликтерді көрсетуге арналған дисплейлер өндірісі.

Жоба туралы басқа ақпарат

Жарнамалық және әлеуметтік қызмет.

Арнайы жабдықта – медиакешендерде дисплейдің жұмысын автоматтандыратын ең тиімді әрі қажетті функционалдық сипаттамалар жинақталып, пысықталды. «Автоматтық іске қосу» функциясы — көлік іске қосылған кезде бейнероликтердің көрсетілімін автоматты түрде іске қосуға мүмкіндік береді. Инвертордың — кернеу шамасын өзгерте отырып тұрақты токты айнымалы токқа түрлендіруге арналған құрылғының көмегімен — монитор қызбайды. «Есеп және көрсетілімдер статистикасы» функциясы енгізілген. Бұл функцияны пайдаланған кезде медиакешен автоматты түрде уақыт пен күн туралы, көрсетілген әр бейнероликтің атауы туралы есепті құрастырып, жазып алады. «Play List» функциясы медиакешендерде бейнематериалдарды ротациясын жоспарлауға мүмкіндік береді . Роликтер орналастырылған флэшкаға басқарушы файл-кесте жазылады. Барлық бейнематериалдарды трансляциялау, олардың реттілігі, қайталау саны және т.б. белгіленген кестеге сәйкес жүргізілетін болады. Gps трекер маршруттың қозғалысын бақылау және конструкцияның бүтіндігін тексеру қызметін атқарады.

Қоғамдық көлік, қоғамдық орындар.

Дайын конструкция.

Жарнама агенттіктері, әлеуметтік нысандар.

Өнім дайын және іске қосылды, Тараз қаласында қоғамдық көлікте пайдаланылуда

Тургунбаев Мансур.

«Антивирустік шырақ» – бактерицидті ауа тазартқыш (Прототип)

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Конструкция – отандық ақылды талассо-бактерицидті ауаны залалсыздандырғыш әзірленді. Ауаны зарарсыздандыру әсеріне мөлдір корпустың ішіне кіріктірілген бактерицидті шам мен желдеткіштің арқасында қол жеткізіледі. Шырақтың корпусында өңделетін ауаны сорып алуға және зарарсыздандырылған ауаны үрлеп шығаруға арналған екі желдетуші саңылау бар. Талассотерапия әсеріне қол жеткізу үшін Гималайдың қызғылт тұзы қолданылады – бұл тұз ағзаның қорғаныс функцияларын жақсарту және сырт келбетті жақсарту үшін ең жақсы өнім. Оның құрамында көптеген пайдалы заттар – 84 минерал (темір, йод, кальций, натрий, калий және т.б.) бар. Гималай тұзының буымен дем жұтқан кезде тыныс алу жүйесіндегі патогендік организмдер жойылады, бұл түрлі респираторлық аурулардың дамуына жол бермейді. Гималай тұзы ағзаны тазартады, пайдалы микроэлементтермен қамтамасыз етеді және токсиндерді шығарады. Жүйкені жайландырып, дененің бұлшықеттерін сергітеді. Ағзаның жасаруына ықпал етеді. Зақымдалған жасушалардың қалпына келуін жылдамдатады. Зиянды бактерияларды өлтіреді. Оның жұмсақ жағымды хош иісі бар.

Жоба туралы басқа ақпарат

Үй-жайлардағы ауаны зарарсыздандыру.

Жобаның жаңалығы әмбебап конструкцияға тұздың булануынан түзілетін бумен дем жұту арқылы қамтамасыз етілетін талассотерапия әсерімен толықтырылған бактерицидтік өңдеу жолымен үй-жайдың патогенді микрофлорасын зарарсыздандырғышты біріктіруге негізделеді, — осының барлығы микроконтроллермен басқарылады және әртүрлі SMART жүйелерімен біріктірілуі мүмкін.

SMART жүйелерге біріктіру арқылы ауаны зарарсыздандыру және талассотерапия жүйесінің функционалын кеңейту мүмкіндігі.

Ауаны зарарсыздандыру, талассотерапия.

Тәжірибелік пайдалану.

Нарықта сатып алу үшін қолжетімді.

70см*20см*20см, 5 кг дейін.

Нефтисов Александр Витальевич.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз. Сайтта бола отырып, сіз жеке Деректерді өңдеуге қатысты саясат шарттарымен келісесіз.