Ғылыми жетістіктер көрмесі

Қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған ортопедиялық аяқ киім

Соңғы жылдары бүкіл әлемде және Қазақстанда қант диабетімен ауыратын науқастар санының елеулі дәрежеде өсуі байқалады. Диабетикалық табан синдромы қант диабетінің ауыр асқынуларының бір түрі болып табылады…

Қазақстанның арзан және қолжетімді табиғи саздары негізінде фармацевтикалық ағынды суларды тазалауға арналған адсорбент-катализаторлар

Табиғи саздарға негізделген адсорбент-катализаторлар күрделі органикалық қосылыстардың тотықтыру процестерінде максимал каталитикалық белсенділікті және экологиялық қауіпті ағынды суларды зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді…

Антисептикалық сұйық қолғаптар

Жаңа буын Jaiden’s антисептикалық «сұйық қолғаптары» Олар қызмет ету мерзімі 4 сағатқа дейін ұзартылған әсер береді. Классикалық антисептиктердің қауіпсіз баламасы болып табылады…

Робототехникалық жиынтық - Boshon Robotics Kit"

Жиынтық алюминий материалдардан, сондай-ақ робот конструкциясын құрастыруға арналған пластиктен жасалған байланыстырғыш бөлшектерден, электронды бөлшектерден…

Eco-robot

Бұл қала көшелеріндегі қоқысты автономды режимде және камера мен интернетке қолжетімділік көмегімен басқару режимінде тазартатын робот…

Мекен-жайы

Жаңартуларды қадағалаңыз

Карта

дербес деректерді өңдеуге қатысты саясат

Жаңартуларды қадағалаңыз

Мекен-жайы

Карта

Қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған ортопедиялық аяқ киім

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Соңғы жылдары бүкіл әлемде және Қазақстанда қант диабетімен ауыратын науқастар санының елеулі дәрежеде өсуі байқалады. Диабетикалық табан синдромы қант диабетінің ауыр асқынуларының бір түрі болып табылады, аталмыш синдром белгілі бір түрде диабетпен ауыратын науқастардың 80%-ында байқалады және емделмейтін жараларға, диабеттік ойық жараларға, гангренаға, аяқтың ампутациясына, осылайша мүгедектікке және емделуге кететін үлкен қаржылық шығындарға әкеп соғады. Ыңғайсыз аяқ киім табан ауруының себептерінің бірі болып табылады, себебі кәдімгі аяқ киімде қажетті құрылымдық элементтер, диабеттік табанның қалыпты жұмыс істеуіне ықпал ететін серпімді, аммортизациялайтын және бактерияға қарсы материалдардан жасалған ортопедиялық өнімдер болмайды.

Жоба туралы басқа ақпарат

Қант диабеті кезінде табанның әртүрлі патологиялық ауытқуларының профилактикасы үшін

Ортопедиялық аяқ киім табан ауруы ағымының ерекшеліктерін ескере отырып және белгіленген қасиеттерге ие композиттік материалдарды қолдана отырып әзірленді.

Табан ауруы ағымының ерекшеліктерін ескере отырып қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған ортопедиялық аяқ киім мен бұйымдарды әзірлеу науқастарды емдеуге және профилактикаға ықпал етіп қана қоймайды, сондай-ақ еңбекке қабілеттілікті сақтап қалуға, нақты әр адамның әлеуметтік қорғалу деңгейін және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді, бұл жайт зерттелетін ғылыми проблеманың ерекше өзектілігін анықтайды

Аяқ киім мен ортопедиялық бұйымдарды тігу ісі.

Ортопедиялық аяқ киімнің тәжірибелік үлгілері жасалды.

Аяқтың әртүрлі патологиялық ауытқулары бар, оның ішінде диабетикалық табан синдромы бар науқастар.

Абзалбекұлы Бекжан, PhD доцент м.а.

Қазақстанның арзан және қолжетімді табиғи саздары негізінде фармацевтикалық ағынды суларды тазалауға арналған адсорбент-катализаторлар

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Табиғи саздарға негізделген адсорбент-катализаторлар күрделі органикалық қосылыстардың тотықтыру процестерінде максимал каталитикалық белсенділікті және экологиялық қауіпті ағынды суларды зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді.

Жоба туралы басқа ақпарат

Табиғи саздарға негізделген адсорбент-катализаторлар күрделі органикалық қосылыстардың тотықтыру процестерінде максимал каталитикалық белсенділікті және экологиялық қауіпті ағынды суларды зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді

Отандық кен орындарының қолжетімді табиғи саздары негізінде органикалық ластануларды тотықтырудың тиімді катализаторын алу тәсілі әзірленді. Катализаторды алу әдісінде жоғары температуралық процестердің, уытты реагенттердің қолданылуы қарастырылмаған. Алынған катализаторлар 50°С-тан жоғары емес температура және атмосфералық қысым жағдайында 4-нитрофенолға қатысты жоғары тотығу белсенділігін көрсетті. Уытты емес көмірқышқыл газ және су тотығудың соңғы өнімі болып табылады. Сондай-ақ алынған катализаторларды ағынды суларды ауыр металл иондарынан тазартуға арналған адсорбенттер ретінде пайдалануға болатыны көрсетілді.

Қазақстандағы фармацевтикалық өндірістің сарқынды суларын тазалауға арналған катализаторларды әзірлеу және катализаторлар үшін тасымалдағыш ретінде табиғи саздарды пайдалану бағытындағы зерттеулер экологиялық және экономикалық тұрғыдан өзекті болып табылады. Катализаторларды пайдалану өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін жарамды техникалық су алуға мүмкіндік береді және өнеркәсіптік өндірістің тазарту қондырғыларында, сондай-ақ тотығу процестеріндегі органикалық синтездеуде аса пайдалы болады.

Өнеркәсіп салалары.

Адсорбент-катализаторлардың тәжірибелік үлгілері жасалды

Химия-Фармацевтикалық кәсіпорындар.

Калмаханова Маржан Сеитовна.

Антисептикалық сұйық қолғаптар

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Жаңа буын Jaiden’s антисептикалық «сұйық қолғаптары» Олар қызмет ету мерзімі 4 сағатқа дейін ұзартылған әсер береді. Классикалық антисептиктердің қауіпсіз баламасы болып табылады.

Жоба туралы басқа ақпарат

«Сұйық қолғаптар» — қолдың терісіне аса жұқа, тыныс алатын микроүлдірді қалыптастыратын антисептикалық құрал, ол 4 сағатқа дейінгі тиімділігі дәлелденген вирустар мен бактериялардан ұзақ уақыт қорғауды қамтамасыз етеді.

Жобаның жаңалығы дәстүрлі спирттер мен төртіншілікті аммоний тұздары пайдаланылмайтын қауіпсіз биоорганикалық антисептикалық құрал жасауға негізделеді. Әрекет ететін компонент қол терісіне табиғи полимерлердің көмегімен бекітіледі, бұл оның әсер ету мерзімін 4 сағатға дейін ұзартуға ықпал етеді.

Пандемия уақытында адамдар антисептиктерді он есе жиі қолдана бастады. Осының салдарынан экзема, псориаз, дерматит және басқалар сияқты тері ауруларының көріністері күшейе түсті. Теріні тітіркендірмейтін және тері ауруларының дамуына ықпал етпейтін тиімді антисептикті жасап шығару міндеті туындады.

Жеке гигиена.

дайын өнім

Қазақстан Республикасының тұрғындары.

Market Place өткізуге арналған шарттарға қол қойылды.

90х50х5 мм

Москвин Юрий Алексеевич.
Мыктыбаев Мурат Сламжанович.
Жоба жетекшісі: Верещагин Николай Александрович

Робототехникалық жиынтық - Boshon Robotics Kit"

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Жиынтық алюминий материалдардан, сондай-ақ робот конструкциясын құрастыруға арналған пластиктен жасалған байланыстырғыш бөлшектерден, электронды бөлшектерден, сондай-ақ жинау нұсқаулығынан тұратын жинақ болып табылады (оқу орындары үшін оқушылар мен мұғалімдерге арналған ұсынымдар мен сабақ жоспарларын бар оқу құралдарын құрайтын опция қолжетімді). Жиынтық 14 және одан жоғары жастағы балалар мен ересектерге арналған.

Жоба туралы басқа ақпарат

Жиынтық білім беру мекемелерінде одан әрі пайдалану үшін металл және пластик бөлшектер негізінде роботтарды құрастыруға арналған, сондай-ақ өнеркәсіптік роботтардың құрамдас бөлігі ретінде, сондай-ақ зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Бүгінгі таңда көптеген білім беру мекемелерінің басым бөлігі өз оқушыларын Lego және Arduino базалық жиынтықтарын пайдалана отырып оқытады. Boshon Robotics Kit өзін ашық бастапқы коды бар, сондай-ақ құрастыруға арналған қадамдық нұсқаулығы немесе оқу-әдістемелік құралы (оқу орындары үшін) қарастырылған түрлі габариттегі функционалдық роботтарды құрастыру мүмкіндігін қамтитын робототехниканы оқытудың келесі кезеңі ретінде ұсынады.

Boshon Robotics Kit жиынтығы робототехника саласындағы жас ғалымдар мен өнертапқыштарға, қосымша арнайы жабдықсыз-ақ, қысқа уақыт ішінде өзінің функционалдық роботын жинауға және программалауға мүмкіндік береді. Біздің команда ұсынған ашық бастапқы кодтың арқасында одан әрі эксперименттер мен зерттеулер жүргізу үшін роботтарды кастомизациялау мен түрлендірудің шексіз мүмкіндігі қолжетімді болады.

Білім және Ғылым.

B2B/B2G — Білім беру мекемелері B2C — Студенттер мен жоғары сынып оқушылары.

Бірқатар білім беру мекемелерінде апробациялық кезеңнен өтуде.

Жиналған күйдегі габариттері: ҰхЕхБ: 350х450х500мм.
Жиынтықтың бөлшектелген күйдегі габариттері: ҰхЕхБ: 415х300х190мм.

Рахатов Дастан Тулеубекович.

Eco-robot

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Бұл қала көшелеріндегі қоқысты автономды режимде және камера мен интернетке қолжетімділік көмегімен басқару режимінде тазартатын робот. Роботтың міндеті — кез келген кеңістіктерде – шағын ғимараттардан бастап тротуарлар мен көшелерге дейін қоқыс жинау. Бұл шағын құрылғы, 4 дөңгелегі және қоқыс жинауға арналған екі қылшағы бар, қоқысты негізгі платформадағы арнайы контейнерге жинайтын шағын автомобильге ұқсайды.

Жоба туралы басқа ақпарат

Робот көшелер мен тротуарларда қоқыс пен қалдықтарды жинауға арналған, жеткілікті дәрежеде мобильді әрі жылдам қозғалады. Қоқыс багы 10 кг қалдыққа есептелген.

Робот қоқысты автономды режимде жинастырады, сондай оның интерактивті функциясы бар, бұл функцияны статикалық IP-адрес пен 4G байланыстың көмегімен камералар мен интернетке қолжетімділік арқылы пайдалануға болады. Осы функциянының көмегімен және интернет болған жағдайда, адам веб-сайтқа кіріп, басқаруды өз қолына ала алады, әлемге роботтың көзімен қарап, көшедегі қоқыс пен қалдықтарды жинай алады. Бұл басым бөлігінде өскелең ұрпаққа арналған функция, осы құрал арқылы оларға бүгінгі таңда әлемде экология мәселесі қаншалықты маңызды екенін түсінуге, сондай-ақ көшелерді тазалықта ұстауды үйретуге көмектеседі.

Eco-robot — Raspberry Pi толық кішкентай компьютеріне негізделген және оны интернетке қолжетімділігі бар әлемнің кез келген жерінен статикалық IP-адрес арқылы қашықтықтан басқаруға болады. Роботқа орнатылған камера оның алдындағы объектілерді көруге көмектеседі.

Экология, сондай-ақ әлеуметтік функциялары бар.

Әзірге робот үй-жайлар мен көшелерде сынақтан өтті, әзірге роботтың күнделікті максимал жұмыс уақыты тоқтаусыз 6 сағат.

Көшелерді жинауға және тазалауға мамандандырылған кәсіпорындар.

Роботтың габариттері: ҰхЕхБ: 460х385х200м

Ерен Шайхыстан Талгатулы — оқушы Рахатов. Дастан Тулеубекович — тәлімгер.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз. Сайтта бола отырып, сіз жеке Деректерді өңдеуге қатысты саясат шарттарымен келісесіз.