Ғылыми жетістіктер көрмесі

Smart IoT University Campus

Бұл әзірлеме климаттық бақылау, өрт қауіпсіздігі, жарықтандыру, үй-жайларға кіру, оқу орындары ғимаратының энергия шығынын мониторингілеу функцияларын қашықтан және интеллектуалды басқару жүйесі болып табылады.

«Жоғары энергия физикасы мен медицинада қолдану үшін оксидті оптикалық материалдардың радиациялық тұрақтылығын зерделеу және болжамдау»

Жоғары оптикалық физикасы мен медицинада қолдану перспективаларын бағалай отырып, тез ауыр иондармен қатты сәулелендірілген Gd3Ga5O12 (GGG) және LiNbO3 (LN) монокристалдарының радиациялық тұрақтылығын зерделеу…

Қуатты радиация ағындары өрісінде люминесцентті YAG:Се нанокерамикасының синтезін әзірлеу және жетілдіру AP08052050

Жобада жоғары энергетикалық электрондардың қуатты импульстік ағыны өрісінде оптикалық нанокерамикаларды синтездеудің жаңа технологиясы әзірленетін болады…

Қолқа аневризмасы кезінде қолқа мен қолқа қақпақшасын ауыстырудың инновациялық әдісі.

Қолқа аневризмасы бүкіл әлемде өлімге жиі әкеп соғатын себептердің бірі болып табылады және әлем халқының 4 пайызынан астамында байқалады…

Батырмалы остеосинтезге арналған биоыдырайтын импланттың прототипі

Өздігінен сіңіп кететін имплант оны алу үшін қайта ота жасамауға мүмкіндік береді. Биоыдыратын имплантты пайдалану қайталама операцияға байланысты қауіптерді болдырмай, хирургтар мен емделушілерге артықшылықтар береді…

Мекен-жайы

Жаңартуларды қадағалаңыз

Карта

дербес деректерді өңдеуге қатысты саясат

Жаңартуларды қадағалаңыз

Мекен-жайы

Карта

Smart IoT University Campus

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Бұл әзірлеме климаттық бақылау, өрт қауіпсіздігі, жарықтандыру, үй-жайларға кіру, оқу орындары ғимаратының энергия шығынын мониторингілеу функцияларын қашықтан және интеллектуалды басқару жүйесі болып табылады. Қолмен басқару процестерін цифрландыруға және процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Жоба туралы басқа ақпарат

Жүйе кампус аумағында оқу және уақыт өткізу үшін қолайлы жағдайлар мен қауіпсіздікті сақтап тұруға мүмкіндік береді. Нақты уақытта температура, ылғалдылық, түтін және өрт деректерін мониорингілеуге және деректерді смартфон қосымшасы және сервер арқылы қарауға мүмкіндік береді

Smart Campus жүйесі университет кампусының ғимаратына ақылды үй тұжырымдамасын енгізуге мүмкіндік береді. IoT жүйелері, Smart жүйелер, қашықтан басқару және мониторингілеу, нейрондық желілердің көмегімен болжамдау және белгілі бір пайдаланушыға бағдарлану

Деректерді жинауға және деректерді болжауға арналған рекуррентті нейрондық желілерді қолдану ғылыми маңыздылық болып табылады. Әлеуметтік пайдалану үшін Интернет заттарын пайдалану

Университеттер, кеңселер және басқа да әлеуметтік нысандар.

Жұмыс прототипі бар.

Кез келген әлеуметтік нысандар.

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, ҚазҰУ Алматы Онкологиялық Орталығы Көксай мешіті, Көксай ауылы, Алматы.

Жиналған күйдегі габариттері: ҰхЕхБ: 850х650х350мм.

Тасмурзаев Нурдәулет Мұсаханұлы.
Механика және математика ҒЗИ ғылыми қызметкері, ҚазҰУ.

«Жоғары энергия физикасы мен медицинада қолдану үшін оксидті оптикалық материалдардың радиациялық тұрақтылығын зерделеу және болжамдау»

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Жоғары оптикалық физикасы мен медицинада қолдану перспективаларын бағалай отырып, тез ауыр иондармен қатты сәулелендірілген Gd3Ga5O12 (GGG) және LiNbO3 (LN) монокристалдарының радиациялық тұрақтылығын зерделеу және болжамдау Жобаның жалпы тұжырымдамасы болып табылады.

Жоба туралы басқа ақпарат

Жоғары энергия физикасы мен ядролық медицинаға арналған сцинтилляциялық, дозиметриялық және оптикалық материалдар

Уран бөлу сынықтарының энергиясы бар иондармен әсер ету кезінде материалдардың радиациялық төзімділігін зерделеу

оптикалық материалдардың стандартты функционалдық қасиеттерін, оның ішінде радиациялық төзімділікті жақсарту біздің қазақстандық тұтынушыларымызды қоса алғанда, сцинтилляторларды қолданудың барлық салаларында пайдалану шығындарын миллиондаған сомаларға үнемдеуге алып келер еді.

жоғары энергиялар физикасы.

Сынақ өткізу кезеңінде.

Карипбаев Жакып Тлеубаевич.

Қуатты радиация ағындары өрісінде люминесцентті YAG:Се нанокерамикасының синтезін әзірлеу және жетілдіру AP08052050

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Жобада жоғары энергетикалық электрондардың қуатты импульстік ағыны өрісінде оптикалық нанокерамикаларды синтездеудің жаңа технологиясы әзірленетін болады. Әзірленген технология алғаш рет церий иондарымен белсендірілген алюминий гранатының итрийі негізінде нанокерамиканы синтездеуге мүмкіндік береді. Әзірленген технология инновациялық әрі бәсекеге қабілетті болып табылады.

Жоба туралы басқа ақпарат

Жақсартылған сипаттамаларға ие ақ жарықдиодты шамдар

Әлемде алғаш рет баяу балқитын күрделі окидті қосылыстарды синтездеу үшін қуатты электронды ағындар пайдаланылды

жұмыс қуатты электрондар шоғының көмегімен алынған YAG: Ce поликристалды керамиканың люминесцентті сипаттамаларын (стационарлық, сондай-ақ уақыт-сиретілген режимдерде) зерттеуге және оларды әртүрлі әдістермен синтезделген осындай коммерциялық YAG: Ce люминофорларымен салыстыруға арналған.

Жарықдиодты шамдар мен сцинтилляциялық материалға арналған люмифорлар.

Сынақ өткізу кезеңінде, прототипі бар.

Қазатомөнеркәсіп, шам өндірушілері.

Карипбаев Жакып Тлеубаевич.

Қолқа аневризмасы кезінде қолқа мен қолқа қақпақшасын ауыстырудың инновациялық әдісі

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Қолқа аневризмасы бүкіл әлемде өлімге жиі әкеп соғатын себептердің бірі болып табылады және әлем халқының 4 пайызынан астамында байқалады. Қолқа аневризмасының ең қауіпті асқынуларының бірі – қолқаның шарбылануы, мұндай асқыну 100 мыңға шаққанда 3,5 – 9 адамда кездеседі және жағдайлардың 90%-ында емделушінің өліміне әкеп соғады (Bickerstaff L. K., Pairolero P. C., Hollier L. H., et al., 1982) Қолқа мен қолқа қақпақшасын хирургиялық жолмен ауыстыру қолқа аневризмасын емдеудің жалғыз жалпыға ортақ қабылданған әдісі болып табылады. Қолқа аневризмасы кезінде араласу күрделілігі мен көлемі отадан кейінгі көптеген асқынуларды анықтайды. Олардың ең ауыры ота кезіндегі және отадан кейінгі қан ағуы және бұл көрсеткіш емделушінің өмірін және өміршеңдігін одан әрі болжауға ықпал етеді. Жасанды материал емделушінің өз тіндерімен байланыстырылатын тұстағы протезді қолқа түбіне бекіту аймағы қан ағудың ең жиі кездесетін көзі болып табылады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, әлемнің жетекші кардиохирургтары қан жоғалтуды азайту және сәйкесінше операция нәтижелерін жақсарту әдістерін іздеумен үнемі айналысады. Біз әзірлеген әдіс қолқа мен қолқа қақпақшасын ауыстыру операциясының принциптік тұрғыда жаңа модификациясы болып табылады және операция кезінде қан жоғалту көлемін азайтады, жүрек тоқтап қалған кезде жүрек ишемиясының уақытын азайтады, осылайша операция нәтижелері мен емделушілердің өміршеңдігін жақсартады. Операция жүргізу кезінде жасанды материалды қолқаның өз тіндерімен герметизациялай отырып (жаба отырып), протезді бекітудің авторлық әдістемесін пайдалану жоспарланып отыр, осылайша тігістердің сызықтары нығайтылады және синтетикалық материал арқылы қанның кетуіне жол берілмейді және операциядан кейін қан жоғалту көлемі едәуір азайтылады. Әлемде операцияның жаңа модификациясының аналогтары жоқ, бұл жайт әдебиеттерді талдаумен және оларға шолумен расталады.

Жоба туралы басқа ақпарат

Жүрек пен қолқаға жүргізілетін ең күрделі операциялардың бірінің нәтижелерін жақсарту. Жаңа модификацияланған операцияны қолдану Қазақстанның еңбекке қабілетті халқының мүгедектігі мен өлім-жітімін төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ бюджет қаражатының экономикалық ауыртпалығын азайта отырып, емедулішлердің қайта ауруханаға жатқызылу жиілігін төмендетеді. Қан жоғалту мен ауруханағда жату мерзімдерінің едәуір төмендеуі қолқа аневризмасымен ауыратын науқастарды емдеу шығындарын азайтуға көмектеседі.

Әзірленген әдіс қолқа мен қолқа қақпақшасын ауыстыру операциясының принциптік тұрғыда жаңа модификациясы болып табылады және операция кезінде қан жоғалту көлемін азайтады, жүрек тоқтап қалған кезде жүрек ишемиясының уақытын азайтады, осылайша операция нәтижелері мен емделушілердің өміршеңдігін жақсартады

хирургия, кардиохирургия.

Өнертабысқа патент алынды.

Қолқа және қолқа қақпақшасының патологиясы бар елдің әлеуметтік осал және еңбекке қабілетті халқының тобы, олар адам популяциясының 4 пайыздан астамын құрайды.

Клиникалық практикаға енгізілді.

Тулеутаев Рустем Мухтарович.

Батырмалы остеосинтезге арналған биоыдырайтын импланттың прототипі

Facebook-те бөлісу

Сипаттамасы: Өздігінен сіңіп кететін имплант оны алу үшін қайта ота жасамауға мүмкіндік береді. Биоыдыратын имплантты пайдалану қайталама операцияға байланысты қауіптерді болдырмай, хирургтар мен емделушілерге артықшылықтар береді.

Жоба туралы басқа ақпарат

травматология.

Биоыдыратын имплантты пайдалану қайталама операцияға байланысты қауіптерді болдырмай, хирургтар мен емделушілерге артықшылықтар береді.

Жоғары молекулалық қосылыстар қолдану қажеттіліктеріне қарай түрлендірілуі мүмкін. Бұл жағдайда молекулалық массалар мен температураның өзгеруі механикалық қасиеттердің өндіріс жағдайларымен байланысы жөнінде ақпарат береді.

травматология, хирургия.

прототип.

мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау мекемелері.

имплант прототипі 4 см-ден және 50 гр-нан артық емес.

Тастанбеков Диас.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз. Сайтта бола отырып, сіз жеке Деректерді өңдеуге қатысты саясат шарттарымен келісесіз.