2021 жылдың 8-10 қыркүйегі

I Халықаралық жас ғалымдар форумы

Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: Қалыптасуы мен дамуына 30 жыл

АХҚО, «Атамекен» ҚР ҰКП, Astana Hub, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының жәрдемдесуімен

2021 жылдың 8-10 қыркүйегі

I Халықаралық

жас ғалымдар форумы

Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: Қалыптасуы мен дамуына 30 жыл

АХҚО, «Атамекен» ҚР ҰКП, Astana Hub, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының жәрдемдесуімен

Форум жайлы ақпарат

«Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасу мен дамудың 30 жылы» ғылым форумы — ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жандандыруға ықпал ететін және ғылым мен технологиялар саласында бірлескен жобаларды дамыту және іске асыру үшін жағдай жасайтын тиімді коммуникациялық алаң.

Ауқымды іс-шараның үш күн ішінде жас ғалымдар ғылымның, инновацияның және білім берудің өзекті мәселелерін талқылап, отандық және шетелдік әріптестер арасында тәжірибе алмасып, ғылыми қоғамдастықтардың байланысын нығайта алады.

Күн
Сағат
Минут
Секунд

Ғылым форумының трансляциясы - 1 АҒЫН

Ғылым форумының трансляциясы - 1 АҒЫН

Форумның іс-шаралары

Science Slam Kazakhstan

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жас ғалымдарды және зерттеушілерді республикалық «Science Slam – Қазақстан» байқауына қатысуға шақырады...

Толығырақ көру

Тезистер жинағы

Форум аясында тезистер жинағы шығарылады. Жарияланымдарды 2021 жылдың 25 тамызына дейін қорға жіберу қажет. Ұйымдастыру комитеті мақалаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады...

Толығырақ көру

Ғылыми сессиялар «Жасыл әлем»

«Жасыл әлем» - жаратылыстану ғылымдарын біріктіретін форум бағыты. Жекелеген сессияларда теориялық және эксперименттік физика, химия, техника мен технологиялар...

Толығырақ көру

«Тұлға және қоғам» ғылыми сессиялары

«Тұлға және қоғам» - адам мен қоғамның жағдайын талдауға арналған Форумның бағыты. Қоғамның қазіргі жағдайын талдау бүгінгі күндегі өзекті ғылыми міндет болып табылады.

Толығырақ көру

"Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері" көрмесі

Көрме жастардың ғылыми-инженерлік ой саласындағы үздік жетістіктерін танымал етуге және дамытуға, озық тәжірибені таратуға және аяқталған тәжірибелік-конструкторлық үлгілер мен ғылыми-техникалық...

Толығырақ көру

Бірінші республикалық кәсіпкерлік диктант

Іскерлік шеберлікті дамытып, кәсіпкерлік салада дамығысы келетіндердің барлығына арналған. Диктанттың мақсаты - мемлекет пен қоғамның назарын азаматтардың...

Толығырақ көру

Воркшоп «танымал ғылыми кітапты қалай жазуға болады?»

Ася Казанцева спикері (Ресей)
Ғылыми журналист, ғылымды дәріптеуші, ғылыми-көпшілік кітаптардың авторы, «Просветитель» сыйлығының лауреаты...

Толығырақ көру

«ФАНТАСТИКАЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАР ҚАЙ ЖЕРДІ МЕКЕНДЕЙДІ» ВОРКШОПЫ

Спикер Александр Панчин (Ресей)
Биолог, ғылымды дәріптеуші, ғылыми журналист және жазушы. Динозаврларды тірілту, клондау, жасанды вирустарды жасау...

Толығырақ көру

«ҒЫЛЫМИ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІНІҢ БОЛАШАҒЫ» ВОРКШОПЫ

Спикер Дамир Рахметов (Қазақстан)
Оратор Elsevier компаниясының Орталық Азия елдері мен
Әзірбайжандағы өкілі болып табылады...

Толығырақ көру

Жасанды интеллект, үлкен деректер & медицина: сын-қатерлер және перспективалар

Қазірдің өзінде жасанды интеллект машина жүргізіп, қоңырауларға жауап беріп, мәтін жазады. Ал медицинаға қатысты не айтамыз? Бұл салада да ол қарқын алып келеді...

Толығырақ көру

"Жастар start up" Республикалық инновациялық бизнес-жобалар байқауы

Байқаудың мақсаты — кәсіпкерлік инновациялық бастамаларға жағдай жасау, бәсекеге қабілетті тұлғаны, әлеуметтік жауапкершілікті дамыту. Перспективті бизнес-жобаларды іске асыруға жәрдем...

Толығырақ көру

«Қазіргі қазақстандық ғылымдағы тұрақты даму» дөңгелек үстелі

Іс-шара академиялық топтар, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар, БАҚ өкілдері арасында пікір алмасу үшін тиімді алаңға айналады...

Толығырақ көру

«Жасанды интеллект, үлкен деректер және медицина» Халықаралық конференциясы шеңберінде жас ғалымдардың баяндамаларын тыңдау

Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жасанды интеллект (ЖИ) және үлкен деректердің даму проблемалары мен перспективалары ғылымның өзекті бағыттарының бірі болып табылады...

Толығырақ көру

«Формулы-1» мысалында технология мен ғылым бизнеске жаңа шындыққа бейімделуге қалай көмектеседі» ашық дәрісі

Спикер ғылымның серпілісті жетістіктерге жол ашатын жаңа технологияларды қалай қалыптастыратыны туралы айтып береді.
Сондай-ақ дәрістің негізгі...

Толығырақ көру

«Кәсіпкерлікті ғылыми дамыту» ашық дәрісі

Спикер кәсіпкерлікті дамытудың заманауи қазақстандық трендтері, бизнесті жаңа шындыққа бейімдеудің тиімді мүмкіндіктері, бизнесті қолдау бағдарламалары туралы айтып береді...

Толығырақ көру

«Стартаптар не үшін қажет» ашық дәрісі

Дәрісте сіз ірі инвесторлардың қандай стартаптарға қаржы салынатынын, Кремний алқабынан инвестицияларды қалай табуға болатынын және инвесторлармен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін білесіз...

Толығырақ көру

«Инновация компанияларға жақсарырақ болу түсуге қалай көмектеседі. Инновациялық стартаптар үшін инвесторларды іздеу» ашық дәрісі

Максим Спиридонов — сериялық технологиялық кәсіпкер және білім беру жобаларының бизнес періштесі.
Дәрісте стартаптарды дамыту трендтері...

Толығырақ көру

«NutriSteppe – data-science-ке негізделген денсаулық технологиясы» ашық дәрісі

Ой-өрісі кең заманауи адам үшін физикалық белсенділікке және зиянды әдеттерден бас тартуға берілгендік таза, әрқилы, үйлестірілген әрі қауіпсіз асты тұтынуға деген ұмтылыспен етене жақын...

Толығырақ көру

Форум бағдарламасы

  • 8 қыркүйек 2021
  • 9 қыркүйек 2021
  • 10 қыркүйек 2021

12:00 — 12:10
Форумның барлық күндеріне тіркелу scienceforum.kz сайтында онлайн-режимде өтеді

Ғылым Форумының салтанатты ашылу рәсімі
————————————————————
12:10 — 13:40
«Мемлекеттің, ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылы — елдің инновациялық дамуының негізгі факторы» пленарлық сессиясы————————————————————
13:40 — 14:15
Бизнеске арналған инновациялық идеялар Фестивалінің ашылуы
————————————————————
14:15 — 14:30
Жас ғалымдардың ғылыми жетістіктері мен кәсіпкерлік идеялардың көрмелері————————————————————
14:00 — 19:00
I республикалық кәсіпкерлік диктанты————————————————————
14:30 — 15:00
«Стартаптар не үшін қажет» ашық дәріс

Спикері:
Николай Давыдов————————————————————
15:00 — 15:30
«Инновация компанияларға жақсарырақ болу түсуге қалай көмектеседі. Инновациялық стартаптар үшін инвесторларды іздеу» ашық дәріс

Спикері:
Максим Спиридонов————————————————————
15:30 — 16:00
Ашық дәрісі

Спикері:
Марк Галлахер————————————————————
16:00 — 17:00
Воркшоп 1
«Ғылыми-танымал кітапты жазу жолы қандай?»

Спикері:
Ася Казанцева
————————————————————
17:00 — 19:00
«Қазіргі қазақстандық ғылымдағы тұрақты даму» дөңгелек үстелі

15:00 — 15:30
«Кәсіпкерлікті ғылыми дамыту» ашық дәрісі

Спикері:
Нариман Абильшаиков
————————————————————
16:00 — 17:00
Воркшоп 2
«Ғылыми білім мен ғылыми жарияланымдарды тарату жүйесінің болашағы»

Спикері:
Дамир Рахметов————————————————————
17:00 — 19:00
Ғылыми кейстер презентациясының онлайн-шоуы

16:00 — 17:00
Воркшоп 3
«Фантастикалық биотехнологиялар және олар қай жерді мекендейді»

Спикері:
Александр Панчин

10:00 — 10:05
Ғылым форумының екінші күнінің ашылуы

«Тұлға және қоғам» ғылыми сессиялары
————————————————————
10:05 — 11:35
1-сессия
«Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы Қазақстанның тарихы мен тарихи ғылымы»

Модераторы:
Алмас Джунисбаев
————————————————————
11:35 — 13:05
2-сессия
«Әлеуметтік ғылымдар айнасындағы қазақстандық қоғам»

Модераторы:
Ермек Токтаров
————————————————————
13:05 — 14:35
3-сессия
«Педагогикалық білім берудің инновациялық трендтері»

Модераторы:
Куандык Жасулан
————————————————————
14:35 — 16:05
4-сессия
«Пандемия сабақтары және адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы жаңа шындықтар»

Модераторы:
Алипаша Караев
————————————————————
16:05 — 17:35
5-сессия
«Теориялық және тәжірибелік физиканың өзекті мәселелері»

Модераторы:
Абай Усеинов

10:00 — 10:05
«Жасыл әлем» ғылыми сессиялары
————————————————————
10:05 — 11:35
1-сессия
«Цифрлық Қазақстан»

Модераторы:
Сабит Ибадулла
Нурхат Жакиев
————————————————————
11:35 — 13:05
2-сессия
«Экология және индустриясы 4.0»

Модераторы:
Жангазы Молдамуратов
Маржан Калмаханова
————————————————————
13:05 — 14:35
3-сессия
«Ақылды ауыл шаруашылығы (Smart Agriculture)»

Модераторы:
Бекзат Турегельдиев
————————————————————
14:35 — 16:05
4-сессия
«Жаңа ғасыр — жаңа идеялар» (химия, техника, технологиялар, жаңа материалдар)

Модераторы:
Мария Кабышова
Молдир Абдраймова
————————————————————
16:05 — 17:35
5-сессия
«Диспут: Құрлықтық және ағылшын құқығының конвергенциясы: жақтаушылар мен қарсылар»

Модераторы:
Игорь Рогов

10:05 — 13:05
«Жасанды сана, үлкен деректер және медицина» халықаралық конференциясы шеңберіндегі жас ғалымдардың баяндамаларын тыңдау

Модераторы:
Айнаш Ошибаева
————————————————————
13:05 — 14:35
«NutriSteppedata science-ке негізделген денсаулық технологиясы» дәрісі

Спикері:
Алмаз Шарман————————————————————
14:35 — 16:05
«Университет 20.35-пен бірге Lifelong Learning трендінде болу жолы» дәрісі

Спикері:
Нина Яныкина————————————————————
16:05 — 17:35
«Жасанды интеллект, үлкен деректер және медицина» халықаралық конференциясы

Модераторы:
Нурлан Даулетбаев

10:00 — 10:05
Ғылым форумының үшінші күнінің ашылу————————————————————
10:05 — 12:00
«Science Slam – Kazakhstan» ғылыми-танымал шоуы
————————————————————
12:00 — 12:30
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ғылыми байқауларының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттарды табыстау рәсімі.
————————————————————
12:30 — 12:40
«Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: Қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» атты І Халықаралық ғылым форумының жабылуы

10:05 — 12:00
«Жастар Start UP» инновациялық бизнес-жобалардың республикалық конкурсы

  • 8 қыркүйек 2021
  • 9 қыркүйек 2021
  • 10 қыркүйек 2021

Уақыты

1-ағын

2-ағын

3-ағын

12:00 - 12:10

Форумның барлық күндеріне тіркеу онлайн-режимде scienceforum.kz сайтында өтеді

Ғылым форумының салтанатты ашылу рәсімі

12:10 - 13:40

«Мемлекеттің, ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылы — елдің инновациялық дамуының негізгі факторы» пленарлық сессиясы

13:40 - 14:15

Бизнеске арналған инновациялық идеялар фестивалінің ашылуы

14:15 - 14:30

Жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерінің және кәсіпкерлік идеялардың көрмелері

14:00 - 19:00

I республикалық кәсіпкерлік диктанты

14:30 - 15:00

«Стартаптар не үшін қажет» ашық дәрісі

Спикері:
Николай Давыдов

15:00 - 15:30

«Инновация компанияларға жақсарырақ болу түсуге қалай көмектеседі. Инновациялық стартаптар үшін инвесторларды іздеу»
ашық дәрісі

Спикері:
Максим Спиридонов

«Кәсіпкерлікті ғылыми дамыту» ашық дәрісі

Спикері:
Нариман Абильшаиков

15:30 - 16:00

Ашық дәрісі

Спикері:
Марк Галлахер

16:00 - 17:00

«Ғылыми-танымал кітапты жазу жолы қандай?»
1-воркшопы

Спикері:
Ася Казанцева

«Ғылыми білім мен ғылыми жарияланымдарды тарату жүйесінің болашағы»
2-воркшопы

Спикері:
Дамир Рахметов

«Фантастикалық биотехнологиялар және олар қай жерді мекендейді»
3-воркшопы

Спикері:
Александр Панчин

17:00 - 19:00

«Қазіргі қазақстандық ғылымдағы тұрақты даму»
дөңгелек үстелі

Ғылыми кейстер презентациясының онлайн-шоуы

Уақыты

1-ағын

2-ағын

3-ағын

10:00 - 10:05

Ғылым форумының екінші күнінің ашылуы

«Тұлға және қоғам» ғылыми сессиялары

«Жасыл әлем» ғылыми сессиялары

10:05 - 11:35

1-сессия
«Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы Қазақстанның тарихы мен тарихи ғылымы»

Модераторы:
Алмас Джунисбаев

1-сессия
«Цифрлық Қазақстан»

Модераторы:
Сабит Ибадулла
Нурхат Жакиев

11:35 - 13:05

2-сессия
«Әлеуметтік ғылымдар айнасындағы қазақстандық қоғам»

Модераторы:
Ермек Токтаров

2-сессия
«Экология және индустрия 4.0»

Модераторы:
Жангазы Молдамуратов Маржан Калмаханова

«Жасанды интеллект, үлкен деректер және медицина» Халықаралық конференциясы шеңберінде жас ғалымдардың баяндамаларын тыңдау

Модераторы:
Айнаш Ошибаева

13:05 - 14:35

3-сессия
«Педагогикалық білім берудің инновациялық трендтері»

Модераторы:
Куандык Жасулан

3-сессия
«Ақылды ауыл шаруашылығы (Smart Agriculture)»

Модераторы:
Бекзат Турегельдиев

«NutriSteppe – data science-ке негізделген денсаулық технологиясы» дәрісі

Спикері:
Алмаз Шарман

14:35 - 16:05

4-сессия
«Пандемия сабақтары және адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы жаңа шындықтар»

Модераторы:
Алипаша Караев

4-сессия
«Жаңа ғасыр — жаңа идеялар» (химия, техника, технологии, жаңа материалдар)

Модераторы:
Мария Кабышова
Молдир Абдраймова

«Университет 20.35-пен бірге Lifelong Learning трендінде болу жолы» дәрісі

Спикері:
Нина Яныкина

16:05 - 17:35

5-сессия
«Теориялық және эксперименттік физиканың өзекті мәселелері»

Модераторы:
Абай Усеинов

5-сессия
«Диспут: Құрлықтық және ағылшын құқығының конвергенциясы: жақтаушылар мен қарсылар»

Модераторы:
Игорь Рогов

«Жасанды интеллект, үлкен деректер және медицина» халықаралық конференциясы

Модераторы:
Нурлан Даулетбаев

Уақыты

1-Ағын

2-Ағын

3-Ағын

10:00 - 10:05

Ғылым форумының үшінші күнінің ашылуы

10:05 - 11:05

«Жастар Start UP» инновациялық бизнес-жобалардың республикалық конкурсы

11:05 - 12:00

«Science Slam – Kazakhstan» ғылыми-танымал шоуы

12:00 - 12:30

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ғылыми байқауларының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттарды табыстау рәсімі.

12:30 - 12:40

«Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: Қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» атты І Халықаралық ғылым форумының жабылуы

Форумға тіркелу

Жұлдызшамен белгіленген барлық жолдар (*) толтыруға міндетті болып табылады.

Форум спикерлері

Форум спикерлері

Форумның серіктестері

Мекен-жайы

Жаңартуларды қадағалаңыз

Карта

дербес деректерді өңдеуге қатысты саясат

Жаңартуларды қадағалаңыз

Мекен-жайы

Карта

Science Slam Kazakhstan

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жас ғалымдарды және зерттеушілерді республикалық «Science Slam – Қазақстан» байқауына қатысуға шақырады. Байқау 2021 жылдың 8-10 қыркүйегінде Алматыда «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалды потенциалы: даму мен қалыптасуға 30 жыл» І халықаралық ғылым форумы аясында өткізіледі.

Жобаның мақсаты – жас ғалымдардың қазіргі замандағы ғылыми идеялары мен өзіндік ғылыми зерттеулері жайлы бесресми форматта айтып беруіне негізделген. Әрбір қатысушының  сөйлеуіне 10 минут уақыт беріледі. Осы уақытта олар түсінікті әрі қызықты тілмен өз идеяларын немесе ғылыми жобасы туралы әңгімелеп беруі керек.

Science Slam – бұл – 2006 жылы Германияда негізі қаланған ғылымды танымал етуге арналған халықаралық жоба. Бұл ғылыми ақпараттарды ерекше және жарқын  форматта көрсету. Германияда танымал болған жобаның іс-шаралары Австрия, Швеция, Ресей, Қазақстанда өтеді.

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас ғалымдарды өздерінің ғылыми зерттеулері жайлы қарапайым түсінікті тілде сахнада айтып беру үшін «Science Slam – Казахстан» байқауына қатысуға шақырамыз!

Мұнда күрделі ғылыми терминдерді, түсініксіз слайдтарды және іс пыстыратын  университетішілік аудиторияға жол жоқ. Сахнаға тек айтары және ерекше идеясы бар, аудиторияны өзіне қарата алатын қатысушылар шығады.

Байқау 2021 жылдың 10 қыркүйегінде Алматы қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ғимаратында өтеді.

Өтініштерді қабылдау 2021 жылдың 15 тамызына дейін жалғасады.

«Science Slam» жайлы білгілеріңіз келсе, төмендегі сілтемені басыңыз:
https://www.youtube.com/playlist?list=PLSyUEbqK6uQRMUcPZgDo8XRx22JHu0p93

Байқау ережелері жайлы мына файлдан қарауға болады.

Тезистер жинағы

Форум аясында тезистер жинағы шығарылады. Жарияланымдарды 2021 жылдың 25 тамызына дейін қорға жіберу қажет. Ұйымдастыру комитеті мақалаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Материалдарды жариялау тегін.

Өтінім беру ережелерімен ұйымдастыру комитетінде анығырақ танысуға болады.

Байланыс телефондары: e-mail: roza@fnn.kz

Ғылыми сессиялар «Жасыл әлем»

«Жасыл әлем» — жаратылыстану ғылымдарын біріктіретін форум бағыты.

Жекелеген сессияларда теориялық және эксперименттік физика, химия, техника мен технологиялар, жаңа материалдар, цифрландыру және Индустрия 4.0 өзекті мәселелері қаралатын болады.

Спикерлер ауыл шаруашылығы және экология саласындағы зерттеулердің нәтижелерімен бөліседі. Сессиялар ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика, экология және жер туралы ғылым саласындағы халықаралық тәжірибені жалпылау мақсатында өткізіледі. Іс-шаралар шеңберінде тұрақты даму саласындағы проблемалар кешенін шешуге бағытталған ғылыми зерттеулер ұсынылатын болады.

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, іс-шаралар онлайн-форматта өтеді. Студенттерді, аспиранттарды, оқытушыларды, жас ғалымдарды, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінің қызметкерлерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерін онлайн-трансляцияға қосылуға шақырамыз.

1-сессия «Цифрлық Қазақстан»
Цифрлық Қазақстанның тағдыры қандай болмақ? Сарапшылар «Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасуы мен дамуының 30 жылы» атты I Халықаралық ғылым форумы аясында осы сауалға жауап беретін болады.

«Цифрлық Қазақстан» сессиясы өтеді. Ғалымдар экономиканың дамуындағы жаңа трендті қарастырады, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану және инновациялық экожүйені дамыту арқылы өмір сапасын жақсарту туралы сұрақтарға жауап береді.

Бүгінгі таңда цифрландыру экономика дамуының басты трендтерінің біріне айналды. Цифрлық технологияларды дамыту — бүкіл еуразиялық экономикалық кеңістіктің басымдық беретін бағыты. Қазақстанда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы әзірленді, аталмыш бағдарлама елдегі технологиялардың қарқынды өсуінің және қызметтерді электрондық форматта көрсетуге қайта бағдарланудың негізіне айналуы тиіс. Негізгі мақсат – цифрлық технологияларды пайдалану арқылы экономиканың даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

 Сессия форум сайтында ашық қолжетімділікте өтеді.

2-сессия «Экология және индустрия 4.0»
Төртінші өнеркәсіптік революция аспектілері Алматыда өтетін I Халықаралық ғылым форумында талқыланатын болады.

Қазақстандағы төртінші өнеркәсіптік революция бойынша перспективалар мен әзірлемелерді талқылау үшін сарапшылар «Экология және индустрия 4.0» сессиясында бас қосады.

Ел өнеркәсібі үнемді өндіріс, энергия тиімділігі және Индустрия 4.0 принциптерін біртіндеп енгізуде. Ғалымдар экология, кадрларды даярлау және ғылым тұрғысынан үдерістің дамуы жөніндегі пікірлерімен алмасады.

Еске сала кететін жайт, индустрия 4.0 – бұл өнеркәсіптегі және бизнес-процестерді басқарудағы робототехниканың, жасанды интеллекттің өсіп келе жатқан рөлі. Бұл экономиканы өзгертіп қана қоймай, еңбек нарығының, жалпы қоғамның кейпін өзгертуде. Болашақ жаңа технологияларды тиімді енгізіп, қолдана алатындардың қолында.

Сессияның өзекті тақырыптары бойынша Қазақстан мен ТМД-ның жас ғалымдарынан 10-ға жуық баяндама күтілуде. Іс-шара онлайн, ашық қолжетімділікте өтеді. Сіз www.scienceforum.kz сайтында тіркеуден өтіп, тыңдаушы ретінде қатыса аласыз.

3-сессия «Ақылды ауыл шаруашылығы (Smart Agriculture)»
Форум аясында «Ақылды ауыл шаруашылығы» сессиясы өтеді

АӨК-те ақылды технологияларды дамыту және енгізу тәжірибесімен бөлісу үшін жас ғалымдар мен әйгілі сарапшылар секцияда бас қосатын болады.

Ақылды ауыл шаруашылығы Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторларының бірі болып табылады. Жаңа технологияларды — IoT, бергіштерді, ҰҰА, GPS, автоматтандырылған жүйелерді енгізуге негізделген қызмет түсімділікті арттыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Сессия шеңберінде егіншілікте, мал шаруашылығында және АӨК-тің басқа да бағыттарында өнімділіктің ұлғаюына оң әсерін тигізетін, осылайша ауыл шаруашылығының негізгі міндетін – ғаламшардың өсіп келе жатқан халқын азықпен қамтамасыз етуді жеңілдететін, осы ретте азық-түліктің қолжетімділігін артырып, жақсырақ ете түсетін интеллектуалды цифрлық шешімдер қарастырылатын болады.

4-сессия «Жаңа ғасыр — жаңа идеялар» (химия, техника, технологии, жаңа материалдар)
Адам өміріндегі химияның маңызын, әсіресе — осы саладағы жаңалықтардың маңыздылығын асыра бағалау қиынға соғады.

Мұндай жаңалықтар туралы көпшілік химия бойынша ғылыми конференцияларда біледі. Секция қатысушылары тәжірибе алмасу, жаңалықтарды таныстыру және маңызды гипотезаларды талқылау үшін бас қосады. Ғылыми тәжірибемен және озық жетістіктермен алмасу конференцияның мақсаты болып табылады.

Сонымен бірге студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін іс-шара авторлық ғылыми идеяларды танымал ету алаңына айналмақ.

5-сессия «Теориялық және эксперименттік физиканың өзекті мәселелері»
Сессия Қазақстанда және әлемде функционалдық материалдар, наноматериалдар мен технологиялар саласында жүргізіліп жатқан алуан түрлі озық зерттеулерді талқылау алаңына айналуға тиіс.

Қазақстан, Ресей және басқа елдердің жас ғалымдары «наноматериалдар мен гетероқұрылымдардың компьютерлік дизайны» тақырыбындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен бөліседі.

Ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері және жоғары оқу орындарының оқытушылары баяндама оқиды. Тақырыптардың бірі материалтану саласындағы отандық ғылымның қалыптасуы мәселесін қозғамақ.

Функционалдық (оптоэлектрондық, радиациялық, магниттік және т.б.) материалдар мен наноматериалдарды зерттеу кванттық компьютер, жаңғырмалы және ядролық энергетика технологиясы және басқалары секілді таяу болашақтың алға қойылған идеяларына қол жеткізудегі әлемдік тренд болып табылатыны құпия емес.

Сессия онлайн-форматта өтеді. Студенттерді, аспиранттарды, оқытушыларды, жас ғалымдарды шақырамыз.

«Тұлға және қоғам» ғылыми сессиялары

«Тұлға және қоғам» — адам мен қоғамның жағдайын талдауға арналған Форумның бағыты. Қоғамның қазіргі жағдайын талдау бүгінгі күндегі өзекті ғылыми міндет болып табылады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен сенім құндылығының басымдығы адамдарға бір-бірін түсінуге, қоғам құрылымын жетілдіруге, оның тиімді қызметі мен тұрақты дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді.

1-сессия «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы Қазақстанның тарихы мен тарих ғылымы»

2-сессия «Әлеуметтік ғылымдар айнасындағы қазақстандық қоғам»
Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Бұл тарихи өлшем бойынша қысқа мерзім, бірақ еліміз осы жылдар ішінде егеменді даму жолында аса маңызды қадамдар жасап, айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.

Қазіргі қазақстандық қоғам немен сипатталады?
Болашақта ол қандай болады?
Қоғам өмірінің қандай аспектілері ғалымдардың назар аударуын талап етеді?

Сессияда ғалымдар қазақстандық жастардың саяси мәдениетінің ерекшеліктері; ұлттық бірегейлік; отбасының демографиялық сипаттамалары тақырыптарындағы ғылыми ізденістердің нәтижелерімен бөліседі. Мәдениеттанушылар мәдени нысандардың алуан түрлілігі туралы сөз қозғайды. Дінтанушылар қазақстандықтардың рухани өмірінің қазіргі беталыстары туралы пікірлерімен бөліседі.

3-сессия «Педагогикалық білім берудің инновациялық трендтері»
COVID-19 бүкіл әлемдегі университеттердің жұмысын қатты өзгертті. Жоғары оқу орындарына тез арада бейімделуге — қауіпсіздік шараларын қабылдауға және сақтауға, қашықтықтан білім беруге көшуге және оқу жағдайларын түзетуге тура келді.

Секцияда жылдар бойы жинақталған тиімді оқыту технологияларын орындаудың мүмкін еместігі, онлайн-технологиялар мен оқыту әдістемелерін енгізу білім беру жүйесін қалай өзгертетіні туралы сөз қозғалады. Коронавирус жалпы жаһандық білім беруді тежейді ме, әлде ынталандырады ма? Осы және басқа да сұрақтарға сарапшылар «Педагогикалық білім берудің инновациялық трендтері» секциясына жауап береді…

4-сессия «Пандемия сабақтары және адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы жаңа шындықтар»
Сессияда заңгерлер, құқықтанушылар, магистранттар, докторанттар билік өкілдерімен, ғалымдармен және бизнесмендермен, медиа өкілдерімен кездеседі.

Жетекші сарапшылар баяндамаларын оқиды және төмендегідей өзекті құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасады: адам, мемлекет және жалпы азаматтық қоғам арасындағы қарым-қатынас қалай қалыптасуда, пандемия кезеңіндегі шектеу нормалары жағдайында адам құқықтары қалай сақталуда?

Сондай-ақ сессияда келесі мәселелер талқыланатын болады:
— азаматтық қоғам мен мемлекеттің арақатынасы;
— Қазақстан мен шет елдердің қоғамдық өмірінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани-мәдени салаларында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асырудағы құқық қолдану практикалары;
— азаматтық қоғамды қалыптастыру жағдайында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепілдіктері;
— азаматтық қоғам институттары жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі.

Мемлекеттік билік және басқару органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, құқық қорғау және өзге де қоғамдық бірлестіктердің тиімді өзара іс-қимылы үшін практикалық ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу сессияның міндеті болмақ.

5-сессия «Пікірталас: Құрлықтық және ағылшын құқығының конвергенциясы: қолдайтын және қарсы пікірлер»

"Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері"көрмесі

Бұл көрме форум күндері өз есігін ашады.

Көрме жастардың ғылыми-инженерлік ой саласындағы үздік жетістіктерін танымал етуге және дамытуға, озық тәжірибені таратуға және аяқталған тәжірибелік-конструкторлық үлгілер мен ғылыми-техникалық әзірлемелерді көрсетуге көмектеседі.

Көрме қорытындысы бойынша Қордың көтермелеуіне ұсынылатын ғылыми жобаларды анықтау жоспарлануда. Көрменің барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

«Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» көрмесіне қатысуға өтінімдерді 2021 жылдың 9 тамызына дейін жіберуге болады.

Байланыс телефондары: e-mail: roza@fnn.kz

Бірінші республикалық кәсіпкерлік диктант

Ол Форум жұмысы аясында өтеді.

Іскерлік шеберлікті дамытып, кәсіпкерлік салада дамығысы келетіндердің барлығына арналған. Диктанттың мақсаты — мемлекет пен қоғамның назарын азаматтардың кәсіпкерлік сауаттылығы мәселесіне аудару, әрбір адамға бизнесті жүргізу үшін қажетті кәсіпкерлік білімнің өз деңгейін анықтауға мүмкіндік беру. Диктант сараптамадан өткен және «Атамекен»ҚР ҰКП ұсынған жабық түрдегі 50 сұрақтан тұрады.

Қатысуға ниет білдірген барлық оқушылар мен кәсіпкерлерден бастап, өтінімді толтырып, мына сілтеме бойынша жіберу керек (https://bit.ly/3xiKS4j). Сіздің электронды поштаңызға диктантты өту үшін сілтеме келеді және ол бизнеске арналған инновациялық идеялар фестивалін өткізудің бүкіл кезеңі ішінде қолжетімді болады. 80% — дан астам ұпай жинаған қатысушы дипломды электрондық пошта арқылы алады.

Бастама ұйымдастырушылары: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстандық маркетинг қауымдастығы және «инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры, «Тұран»университеті.

Байланыс телефондары: Дина Разакова, e-mail: d.razakova@turan-edu.kz

Воркшоп «танымал ғылыми кітапты қалай жазуға болады?»

Ася Казанцева спикері (Ресей)

Ғылыми журналист, ғылымды дәріптеуші, ғылыми-көпшілік кітаптардың авторы, «Просветитель» сыйлығының лауреаты.

Оның адам миы мен мінез-құлқы туралы үш кітабының жалпы таралымы бүгінде шамамен 115 мың дананы құрайды және олар үнемі қайта басылып шығарылады.

Ол алғашқы танымал ғылыми кітапты қалай және не үшін жазу керектігін, тақырыпты қалай таңдап, жұмыс процесін ұйымдастыру жолын, баспалармен келіссөздер жүргізіп, қалай қол түсірмеу керектігін үйретіп, кітап жарияланған кезде не істеу керектігі жөнінде айтып береді.

«ФАНТАСТИКАЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАР ҚАЙ ЖЕРДІ МЕКЕНДЕЙДІ» ВОРКШОПЫ

Спикер Александр Панчин (Ресей)

Биолог, ғылымды дәріптеуші, ғылыми журналист және жазушы.

Динозаврларды тірілту, клондау, жасанды вирустарды жасау және адамның гендік модификациясы — фантасттар осы және басқа да тақырыптарды кітаптарда, фильмдер мен компьютерлік ойындарда көтеріп отырды. Болашақта бізді қандай фантастикалық биотехнологиялар күтуде, ал қайсысы қазірдің өзінде қолданыста бар? Фантасттардың қай ойлары хақ, қайсысы жалған?

«ҒЫЛЫМИ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІНІҢ БОЛАШАҒЫ» ВОРКШОПЫ

Спикер Дамир Рахметов (Қазақстан)

Оратор Elsevier компаниясының Орталық Азия елдері мен Әзірбайжандағы өкілі болып табылады.

Elsevier — әлемдегі ең ірі төрт ғылыми баспа үйінің бірі. Оның қабырғаларында ғылыми журналдар әлемінде жарияланатын мақалалардың төрттен бір бөлігі дайындалады.

Дамир Рахметов Форум қатысушыларына төмендегідей маңызды ақпарат бере алады: өз зерттеулеріңді ғылыми жарияланымдар арқылы қалай ілгерілетуге болады, баспа қандай талаптар қояды. Барлық нюанстарды бір дәріс аясында ашып береді.

Жасанды интеллект, үлкен деректер & медицина: сын-қатерлер және перспективалар

Қазірдің өзінде жасанды интеллект машина жүргізіп, қоңырауларға жауап беріп, мәтін жазады. Ал медицинаға қатысты не айтамыз?

Бұл салада да ол қарқын алып келеді, біртіндеп медперсоналдың маңызды көмекшісіне айналуда. ЖИ базасындағы жүйелерді енгізу – Қазақстанда да заманауи денсаулық сақтау ісінің негізгі трендтерінің бірі. Бұл бірінші кезекте денсаулық сақтауды цифрландырудың қарқынды дамуымен байланысты.

Қолдану саласына емделушілер де, дәрігерлер де пайдалана алатын қосымшалар, ақпараттық желілер және басқа да әзірлемелер кіреді:

— дәрігерлік шешімдер қабылдауды қолдау;
— жеке-дара емдеу жоспарын таңдау;
— қашықтықтан мониторингілеу;
— дәрілік препараттарды әзірлеу;
— интеллектуалдық жүйелер көмегімен протездеу;
— деректерді жинақтау және өңдеу.

Қазақстанда 22 онлайн ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Олар статистикалық мәліметтерді жинайды және денсаулық сақтау саласының қаржыландырылуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда ЖИ-ді ауруларды диагностикалау мен скринингілеуді жеделжету және олардың дәлдігін арттыру, күрделі клиникалық жағдайларда көмек көрсету, денсаулық сақтау және дәрі-дәрмектерді әзірлеу саласындағы зерттеулерді жеделдету, сондай-ақ, жұқпалы аурулардың өршуіне ден қою шараларын және денсаулық сақтау жүйелерін басқаруды қоса алғанда, қоғамдық денсаулық сақтаудың әртүрлі шараларын қолдау үшін пайдалануға болады.

Конференция барысында сарапшылар ЖИ-ді қолдану перспективаларын талқылайды. www.scienceforum.kz сайтында тіркеліңіз.

"Жастар start up" Республикалық инновациялық бизнес-жобалар байқауы

Ол бизнеске арналған инновациялық идеялар фестивалі аясында өтеді.

Байқаудың мақсаты — кәсіпкерлік инновациялық бастамаларға жағдай жасау, бәсекеге қабілетті тұлғаны, әлеуметтік жауапкершілікті дамыту.

Перспективті бизнес-жобаларды іске асыруға жәрдем көрсетілетін болады. Байқауға оқушылар, студенттер, жастар қатыса алады.

Бір ұйымнан қатысатын топтардың саны 2-ден аспауы тиіс (топта үш адамнан артық емес). Сайыстың ұйымдастырушысының келісім бойынша өзге де мүдделі тұлғалардың қатысуына жол беріледі.
Ұйымдастырушылар: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстандық маркетинг қауымдастығы және «инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры, «Тұран»университеті.

2021 жылдың 10 қыркүйегінде (Алматы) өтетін байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін байқаудың ұйымдастырушылары анықтайды.

Өтінім беру үшін байланыстар: Дина Разакова, e-mail: d.razakova@turan-edu.kz

«Қазіргі қазақстандық ғылымдағы тұрақты даму» дөңгелек үстелі

Іс-шара академиялық топтар, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар, БАҚ өкілдері арасында пікір алмасу үшін тиімді алаңға айналады.

Форматы — ашық жүзбе-жүз талқылау, мұнда тұрақты даму саласындағы сарапшылар модератордың сұрақтарына тікелей эфирде жауап береді және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу арқылы қазақстандық қоғам өміріндегі экономикалық және әлеуметтік өзгерістер аспектілерін, сондай-ақ олардың қазақстандық ғылымға әсер ету дәрежесін талқылаға салады.

Қазақстандағы зерттеу қызметінде тұрақтылық бар ма, біздің еліміз соңғы бес жылда ТДМ іске асыруда қандай табыстарға қол жеткізді деген сұрақтарға берілетін жауапты білгіңіз келе ме?
2021 жылғы 8 қыркүйек күні сағат 17:00 де бізбен бірге болыңыз.

«Жасанды интеллект, үлкен деректер және медицина» Халықаралық конференциясы шеңберінде жас ғалымдардың баяндамаларын тыңдау

Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жасанды интеллект (ЖИ) және үлкен деректердің даму проблемалары мен перспективалары ғылымның өзекті бағыттарының бірі болып табылады.

Бұған денсаулық сақтау саласын қарқынды цифрландыру ықпал етеді. Онлайн-режимде статистикалық ақпаратты жинау және денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында 22 ақпараттық жүйе жұмыс істейді.

Қазіргі таңда ЖИ-ді ауруларды диагностикалау мен скринингілеуді жеделжету және олардың дәлдігін арттыру, күрделі клиникалық жағдайларда көмек көрсету, денсаулық сақтау және дәрі-дәрмектерді әзірлеу саласындағы зерттеулерді жеделдету, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтаудың әртүрлі шараларын қолдау үшін пайдалануға болады.

Жасанды интеллект сонымен қатар емделушілерге өз денсаулығының жай-күйін өз бетінше бақылауға және денсаулық сақтау қызметтеріне қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Алайда, денсаулық туралы деректерді этикалық емес жинау және пайдалану, адам қоғамдастықтарының әртүрлі иланымдарының ЖИ алгоритмдеріндегі көріністері, сондай-ақ емделушілердің қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік және қоршаған ортаға қатысты тәуекелдер жоқ емес.
Сонымен бірге, ДДҰ табыс деңгейі жоғары елдердің деректері негізінде оқытылған жүйелер табыс деңгейі төмен және орташа елдерде тиімсіз болуы мүмкін екенін атап өтеді.

Сессияға қатысушылар жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары қалай дамып жатқанын, қазақстандықтарға қандай пайдасы барын, қандай салаларда оның қолдануы аса өзекті боларын және басқа да мәселелерді талқыға салады.
Конференцияға қатысу ғалымдарға Қазақстанның зерттеу орталықтарының ғылыми әлеуетін нығайтуға және халықаралық ғылыми қауымдастықпен пайдалы байланыстар орнатуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

«Формулы-1» мысалында технология мен ғылым бизнеске жаңа шындыққа бейімделуге қалай көмектеседі» ашық дәрісі.

Марк Галлахер, «Формулы-1» атқарушы директоры.

Спикер ғылымның серпілісті жетістіктерге жол ашатын жаңа технологияларды қалай қалыптастыратыны туралы айтып береді. Сондай-ақ дәрістің негізгі тақырыптарының ішінде: мотивация, өндіріс, өзгерістерді басқару және техникалық инновациялар.

«Кәсіпкерлікті ғылыми дамыту» ашық дәрісі.

Нариман Абильшаиков, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Спикер кәсіпкерлікті дамытудың заманауи қазақстандық трендтері, бизнесті жаңа шындыққа бейімдеудің тиімді мүмкіндіктері, бизнесті қолдау бағдарламалары туралы айтып береді.

Тек форумда сіз сұрақтарды тікелей қоюға бірегей мүмкіндік аласыз.
Естеріңізге сала кетейік, тіркеу scienceforum.kz сайты арқылы жүргізілуде

«Стартаптар не үшін қажет» ашық дәрісі.

Николай Давыдов, сериялық кәсіпкер, Davidovs, SVP Fort Ross Ventures серіктесі, «Место» қоғамдастығының бірлескен құрушысы және Cherry Labs бірлескен негіз қалаушысы.

Дәрісте сіз ірі инвесторлардың қандай стартаптарға қаржы салынатынын, Кремний алқабынан инвестицияларды қалай табуға болатынын және инвесторлармен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін білесіз.

Николай сонымен қатар «нетворкинг» инвестициялық индустрияда қандай рөл атқаратынын айтады.

«Инновация компанияларға жақсарырақ болу түсуге қалай көмектеседі. Инновациялық стартаптар үшін инвесторларды іздеу» ашық дәрісі.

Максим Спиридонов — сериялық технологиялық кәсіпкер және білім беру жобаларының бизнес періштесі, «Нетология-групп» білім беру холдингінің, Digital Dolina, Jump.bio жобаларының негізін қалаушы.

Дәрісте стартаптарды дамыту трендтері, бизнестің проблемалары мен перспективалары талқыланады.

«NutriSteppe – data-science-ке негізделген денсаулық технологиясы» ашық дәрісі.

Ой-өрісі кең заманауи адам үшін физикалық белсенділікке және зиянды әдеттерден бас тартуға берілгендік таза, әрқилы, үйлестірілген әрі қауіпсіз асты тұтынуға деген ұмтылыспен етене жақын. 

Алайда көп адамда дұрыс тамақтану туралы сенім артуға болатындай нақты әрі ғылыми-негізделген ақпаратқа қолжетімділік жоқ.  Интернет пен әлеуметтік желілерді жайлап кеткен күмәнді әрі тексерілмеген деректердің орманында адасып қалуға болатыны хақ.

Біз NutriSteppe.com дұрыс тамақтанудың көпфункционалды технологиясын әзірлеп шығардық. Оның көмегімен кез келген пайдаланушы таза тағамдар мен азық-түлік сатып алуларының ақпараттандырыған таңдауын жасай алады. NutriSteppe.com ішінде 15 мың стандартталған тамақ өнімдерінің құрамындағы 130 тағамдық зат (нутриенттер) бойынша біріктірілген деректер базасы бар, бұл деректер базасы BLS — Германия, NHS – Ұлыбритания, USDA – АҚШ халықаралық дереккөздерінің, сондай-ақ И.М. Скурихин кестелерінің негізінде құрастырылған.

NutriSteppe.com нутриенттік құрамы (ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, микроэлементтер) бойынша толық ақпараттың негізінде таза тағамдардың генерациясын жүзеге асыруға, сондай-ақ денсаулық индексіне байланысты тағамды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, технология тиімділігіне, ықтимал қауіптерге, жанама әсерлерге, сондай-ақ дәрумендер мен минералдардың бір-бірімен және әртүрлі дәрі-дәрмектермен өзара әрекеттесуіне талдау жүргізу арқылы биологиялық белсенді қоспаларды таңдауға мүмкіндік береді.

Ауру симптомдарының ықтимал себептерін анықтау үшін NutriSteppe.com-ды Symptomaster.com қосымшасымен бірге қолдануға болады. Біздің Zdrav.kz атты ақпараттық платформамызда қолжетімді форматта 1000-нан астам түрлі аурулар туралы толық ғылыми негізделген ақпарат бар.

Сіз форумға сәтті тіркелдіңіз!

Кушербаев Крымбек

Пленарлық сессияның спикері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

Аймагамбетов Асхат

Пленарлық сессияның спикері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі

Журинов Мурат

Пленарлық сессияның спикері

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті

Сергеев Александр

Пленарлық сессияның спикері

Ресей Ғылым академиясының президенті

Гусаков Владимир

Пленарлық сессияның спикері

Беларусь Ұлттық ғылым академиясы президиумының төрағасы

Есполов Тлектес

Пленарлық сессия спикреі

ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, академик, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы — Ректоры

Турлов Тимур

Пленарлық сессияның спикері

CEO Freedom Finance Holding

Токтаров Ермек

Пленарлық сессия спикері «Әлеуметтік ғылымдар айнасындағы қазақстандық қоғам» сессиясының модераторы

PhD, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің төрағасы.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз. Сайтта бола отырып, сіз жеке Деректерді өңдеуге қатысты саясат шарттарымен келісесіз.